Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Америка кубогының жеребесі тартылды: Бразилия мен Аргентина қай топта

Опубликовано:

Аргентина ұлттық құрамасы
Аргентина ұлттық құрамасы. Фото: MB Media/Getty Images

Футболдан Америка кубогының (Копа Америка-2024) топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Копа Америка турнирінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Америка кубогы – КОНМЕБОЛ (Америка құрлығы) қауымдастығындағы ұлттық құрамалар арасында өтетін футбол турнирі. Төрт жылда бір рет болатын жарыс ең алғаш 1916 жылы ұйымдастырылды. Аргентинада өткен тарихи турнирде Уругвай ұлттық құрамасы чемпион атанды.

2024 жылғы Америка кубогы 20 маусым мен 14 шілде аралығында Америка Құрама Штатарында өтеді. Ойындар АҚШ-тың 14 қаласындағы 14 алаңда болады деп жоспарлануда. Сол турнирдің топтық кезеңінің жеребесі бойынша ұлттық құрамалар 4 командадан 4 топқа бөлінді.

Америка кубогының топтық кезеңі
Америка кубогының топтық кезеңі. Фото: copaamerica.com

Айта кетейік, соңғы рет бұл титулды 2021 жылы Аргентина ұлттық құрамасы жеңіп алған еді. Ал осы турнир тарихында ең көп чемпион атанған команда – Аргентина мен Уругвай ұлттық құрамалары (15 рет). Үшінші орында Бразилия құрамасы (9 рет).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2049823-futboldan-amerika-kubogynyn-zerebesi-tartyldy-braziliya-men-argentina-qai-topta/

pixel