Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар: "Ньюкасл" мен "Милан" алғашқы секундтардан бастап қорғаныс жағына алаңдамай, гол соғуға ұмтылады

Опубликовано:

Ньюкасл VS Милан
Фото: Parimatch Kazakhstan

"Ньюкасл" мен "Милан" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өту үшін бір-бірімен (және ПСЖ-мен) күш сынасатын болады. Parimatch сарапшылары осы ойыннан не күтуге болатынын анықтауға тырысып көрді.

“Ньюкасл”

"Ньюкаслды" құшақтап, жұбатқың келеді. Эдди Хаудың командасы жарақат кезеңін бастан өткеруде, оның шарықтау шегі негізгі қақпашы Ник Поуптың алты айға алаңға шыға алмауы болды. Әзірге оның алмастырушысы Мартин Дубравка көп гол өткізуде, бірақ оның кінәсі емес екені анық. Негізгі құрам ойыншылар алмастырусыз ойнаудан ғана шаршаған жоқ: Хау жазда "Ньюкасл" жаттығулары мен ойынының жоғары қарқындылығымен мақтанған болатын. Мұның бәрі команданың осындай жағдайға жеткеніне қисынды әсер етті: қатарға екі жеңіліс ("Эвертон" мен "Тоттенхэмнен") жалпы 1: 7 есебімен.

"Сауысқандар" плей-оффқа шығуы үшін "Миланды" жеңіп, "ПСЖ" болса дортмундтық "Боруссиямен" матчта ұпай жоғалтады деп үміт артуы керек. Барлық қалыптасқан келеңсіз жағдайға қарамастан, сарапшылар "Ньюкасл" өзіне артылған міндетті атқарып шығады деп санап, "сауысқандар" жеңіске жетеді деген нұсқаға 1.84 коэффициент ұсынып отыр.

"Ньюкаслдың" соңғы матчтары (2-1-2, 7-10)

  • АПЛ. “Тоттенхэм” - “Ньюкасл” 5:1
  • АПЛ. “Эвертон” - “Ньюкасл” 3:0
  • АПЛ. “Ньюкасл” - “Манчестер Юнайтед” 1:0
  • ЧЛ. “ПСЖ” - “Ньюкасл” 1:1
  • АПЛ. “Ньюкасл” - “Челси” 4:1

“Милан”

"Ньюкаслдың" қарсыласының да жағдайы тұрақсыз. "Қызыл-қаралар" өткен жылдың кейпін қайталайтын сияқты: содан кейін Стефано Пиолидің командасы 2022 жылғы әлем чемпионатындағы үзілістен кейін жеңіске қол жеткізе алмай кеткен болатын. Қазіргі "Миланның" жағдайын болжап білу мүмкін емес. Бірде "ПСЖ" - ның аузынан жеңісті жұлып алса, бірде "Аталанта" - дан жеңіліске ұшырайды. "Наполиге" екі гол соғып, бірден сонша жіберіп алып отыр. "Ньюкаслмен" өтетін матчында сарапшылар "сауысқандардың" мүмкіншілігіне күмән туғызып отыр. "Миланның "жеке тоталы 1-ден аз" нұсқасына 1.78 коэффициенті ұсынылған.

"Миланның" соңғы матчтары (2-1-2, 7-8)

  • А сериясы. “Аталанта” - “Милан” 3:2
  • А сериясы. “Милан” - “Фрозиноне” 1:0
  • ЧЛ. “Милан” - “Боруссия Дортмунд” 1:3
  • А сериясы. “Милан” - “Фиорентина” 1:0
  • А сериясы. “Лечче” - “Милан” 2:2

Болжам

Чемпиондар лигасының алтыншы турындағы ең қызықты және нәтижесін болжап білуге болмайтын матчтардың бірі шығар. Екі команданың да ұпайлары бірдей, екі команда да жақсы дайындықта деп айтуға келмейді. "Ньюкасл" да, "Милан" да алғашқы минуттардан бастап баса-көктеп гол соғуға аттанатын сияқты. Сондықтан "тотал 2,5-тен жоғары" нұсқасына ұсынылған 1.80 коэффициентіне көңіл аударғаныңыз жөн.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2050301-sarapsylar-nyukasl-men-milan-algasqy-sekundtardan-bastap-qorganys-zagyna-alandamai-gol-soguga-umtylady/

pixel