Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтед" футбол клубы екі антирекорд жаңартты

Опубликовано:

Бруно Фернандеш
Бруно Фернандеш. Фото: Shaun Botterill/Getty Images

Кеше, 12 желтоқсан УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезең ойындары өтті. "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Бавария" футбол клубын қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Манчестер Юнайтед" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынында "Баварияға" жеңіліп қалды. 90 минутқа созылған ойын 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды "Бавария" шабуылшысы Кейн соқты. Нәтижесінде "А" тобында 4 ұпаймен соңғы орын алған ағылшын клубы плей-оффқа жолдама ала алмады.

"А" тобының нәтижесі осындай:

  1. "Бавария" – 16 ұпай;
  2. "Копенгаген" – 8 ұпай;
  3. "Галатасарай" – 5 ұпай;
  4. "Манчестер Юнайтед" – 4 ұпай.

Opta Analyst порталының хабарлауынша, "Қызыл сойқандар" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде екі рет төртінші орын алған алғашқы англиялық клуб атанды. Бұған дейін 2005/2006 жылғы маусымда тобында соңғы сатыға тұрақтаған еді. Сонымен қатар "Манчестер Юнайтед" турнирдің топтық кезеңінде 15 гол жіберген алғашқы англиялық клуб ретінде тарихқа енді.

Айта кетейік, "Манчестер Юнайтед" Англия Премьер лигасында 27 ұпаймен 6-орында келе жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2050596-mancester-yunaited-futbol-kluby-eki-antirekord-zanartty/

pixel