Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лео Игита: Біз үшін футзалдан әлем чемпионаты ертең басталады

Опубликовано:

Лео Игита
Лео Игита. Фото: instagram/kff_team

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Лео Игита Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Нидерландпен өтетін матч туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футзал құрамасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ертең, 14 желтоқсан футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Ташкентте өтетін Әлем чемпионатына іріктеу ойындарын жалғастырады. Астана қаласында өтетін матч кешкі сағат 20:30-да басталады. Тартысты ойынды Qazsport арнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады.

Қазақстан құрамасының капитаны және қақпашысы Лео Игита ертең болатын ойын жайлы пікірін айтты:

"2024 жылғы әлем біріншілігі мен үшін ұлттық құрама сапындағы соңғы жарыс емес екені белгілі. Жоқ дегенде 3 жыл жоғары деңгейде ойнай аламын. Одан кейін Еуропа чемпионаты бар. Сол додаға да қатыса аламын деп ойлаймын. Десе де уақыт өткен сайын жоғары деңгейде жеңімпаз атану қиынға түсетіні белгілі".

"Біз үшін әлем біріншілігі ертеңгі ойыннан-ақ басталады. Себебі ертең жеңсек, Ташкентте болатын додаға дайындала беруіміз керек. Ал сол жарыста мен барымды саламын. Паркетте өте белсенді және эмоционалды екенімді білесіздер. Алтын медаль жеңіп алғым келеді. Маған мүмкіндік берген Қазақстан елін қуантқым келеді", – деді Игита.

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылы өтетін әлем біріншілігіне іріктеуде А тобында 4 матч өткізіп, 12 ұпаймен 1-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2050653-leo-igita-biz-usin-futzaldan-alem-cempionaty-erten-bastalady/

pixel