Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ПСЖ" Еуропа лигасына шыға ма: "өлім тобындағылардан" не күтуге болады

Опубликовано:

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің соңғы туры
Фото: Parimatch Kazakhstan

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің соңғы туры шиеленіске толы. F тобында тек дортмундтың "Боруссия" плей-оффқа жолдама ала алды. "ПСЖ", "Ньюкасл" және "Милан" еурокубоктарға екі орын үшін күш сынасады. Сонымен қатар, париждіктердің кіші турнирге кетіп қалу мүмкіндігі өте жоғары бағаланып отыр.

"ПСЖ"-ға жеңіс керек

"ПСЖ" жолайырық алдында тұр — Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы. Қай жолмен жүретінін таңдау клуб еншісінде емес. Мүмкін болатын үш нәтижені талдап көрейік:

Жеңіліс тапқан жағдайда "ПСЖ"-да 7 ұпай қалады. Олар қатар жүріп жатқан матчтың қорытындысын күтіп, Англиядағы тең нәтижеге үміт артады. Сол кезде, "Ньюкасл" мен "Милан" 6 ұпайдан жинап, париждіктерге Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жол ашады.

Тең есепті ойын болған жағдайда, "ПСЖ" 8 ұпайды қалтасына басады. "Ньюкасл" — "Милан" матчының нәтижесіне бақылап, "сауысқандар" 3 ұпай жинамасын деп дұға етуге тура келеді. Бұл жағдайда плей-оффқа ағылшындар бетпе-бет кездесулердегі артықшылығымен өтеді.

Мбаппе мен оның командасын келесі кезеңге тек жеңіс қана шығара алады. Бірақ "ПСЖ"-ның жеңіске жету мүмкіндігі бар ма?

Луис Энрикенің финалы

Испан жаттықтырушысы үшін алдағы ойын өзіндік бір финал түрі болады. Әрине, Луис Энрикенің жұмыстан шығарылуы туралы сөз қозғалып отырған жоқ, бірақ оның басшылығымен "ПСЖ" еурокубокта екі түрлі әсер қалдырып отыр: үй алаңында "Боруссияны" (2:0) және "Миланды" (3:0) жеңді, бірақ "Ньюкаслмен" (1:1) тең есепті ойын өткізген. Көптеген мамандардың пікірінше, "Ньюкасл" қақпасына пенальти қате тағайындалды. Ал қонақ алаңындағы текетірестерде бірде — бір ұпай жинаған жоқ - Англияда 1:4, Италияда 1:2. Кезекте Дортмунд тұр, ол осы Чемпиондар Лигасындағы өз ойын алаңында жеңіліп көрмеген. Бундеслига мен Германия Кубогындағы екі жеңілістен кейін адал жанкүйерлері оларды жеңіске ынталандырады. Оған қоса, "аралардың" өзі 3 ұпай жинауға ниетті. "ПСЖ"-ны жеңсе "Боруссияның" топтан бірінші орыннан жарып шығу мүмкіндігі бар, демек, плей-оффқа да шығуы да таңғаларлық жайт емес.

Parimatch сарапшылары "ПСЖ"-ны алдағы шайқастың айқын фавориті деп санайды. Оларға жеңіс ауадай қажет деген ойда. Олардың жеңіске жету коэффициенті 1.88-ге бағаланған. Ойынға өз болжамыңызды сілтемеге өтіп, жасай аласыз.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2050692-psz-europa-ligasyna-syga-ma-olim-tobyndagylardan-ne-kutuge-bolady/

pixel