Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Нұралы Әліптің трансферлік құны өсті

Опубликовано:

Нұрәлі Әліп
Нұрәлі Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және "Зениттің" қорғаушысы Нұрәлі Әліптің трансферлік құны өсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ transfermarkt порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Transfermarkt порталы Ресей Премьер лигасында ойнайтын футболшылардың нарықтағы құнын жаңартты. Санкт-Петербургтік "Зенитте" өнер көрсететін Нұралы Әліптің жаңа бағасы 3 миллион еуроны құрады. Осыған спортшының нарықтағы құны 2 миллион еуро болған еді.

Ресей Премьер лигасындағы "Ахмат" футбол клубында ойнайтын Марат Быстровтың нарықтағы құны 1 миллионнан 700 мың еуроға түсіп қалды.

Айта кетейік, Нұрәлі Әліп "Зенит" футбол клубы сапында 2022/23 жылғы РПЛ маусымының чемпионы атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2050787-futbolsy-nuraly-aliptin-naryqtagy-quny-qymbattady/

pixel