jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Бүгін әлем чемпионатына жолдама аламыз": Туризм және спорт министрі футзалшыларға қолдау білдірді

    Ермек Маржықпаев
    Ермек Маржықпаев. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Бүгін, 14 желтоқсан футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіндегі кезекті тур ойынын өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық спортшылар Астанада өтетін матчта Нидерланд құрамасымен күш сынасады. Ойын кешкі сағат 20:30-да басталады. Тартысты кездесуді Qazsport арнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады.

    Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен "А" тобында өнер көрсетіп жатыр. 4 турдан кейін Қазақстан футзалшылары 12 ұпаймен топта көш бастап тұрса, Нидерланд құрамасы 1 ұпаймен төртінші орында.

    Жауапты матч қарсаңында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың жаттығуына қатысып, футзалшыларға қолдау білдірді. Ал құраманың бас бапкері Кака алдағы матчқа жігіттердің дайындығы жоғары деңгейде, жауынгерлік көңіл-күйде екенін айтты.

    "Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдегі ең үздік командалардың бірі саналады. Өткен әлем чемпионатында Қазақстан 4-орынға ие болса, 2016 жылғы Еуропа біріншілігінде біздің жігіттер қола жүлдегер атанған еді. Алдағы матчта ұлттық құрамаға тек жеңіс тілеймін! Өз алаңымыздағы дәл осы бәсекеде келесі жылғы әлем чемпионатына жолдама аламыз деген сенімдемін, – деді Ермек Маржықпаев.

    Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы екі ойын 14-20 желтоқсан аралығында өтеді. Осы матчтардың бірінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне бірінші орынмен тікелей жолдама алады.

    "Бүгін әлем чемпионатына жолдама аламыз": Туризм және спорт министрі футзалшыларға қолдау білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.