jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасы Нидерланд командасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды

    Футзалдан Қазақстан құрама ойыншылары
    Футзалдан Қазақстан құрама ойыншылары. Фото: instagram/kff_team_futsal

    Бүгін, 14 желтоқсан футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерланд командасын жеңді. Осылайша қазақстандық футзалшылар 2024 жылғы әлем біріншілігіне жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы 2024 жылы Ташкентте өтетін футзалдан Әлем чемпионатының іріктеу ойындары аясында өз алаңында Нидерланд командасын қабылдады. Тартысты матч 2:0 есебімен аяқталды. Ойынның алғашқы минутында Біржан Оразов тамаша гол соғып, есеп ашты. Ал 7-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Дуглас Жуниор есепті 2:0 жеткізді.

    Осылайша футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтетін әлем біріншілігіне жолдама жеңіп алды. Бұл қазақстандық спортшылардың футзал тарихындағы төртінші әлемдік додасы болмақ.

    Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен ойынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау көрсету үшін келгенін хабарлаған едік. Президентпен бірге ұлттық құрамаға кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қолдау білдірді.

    Қазақстан құрамасы Нидерланд командасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.