!["Астана" футбол клубы "Астана" футбол клубы](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/e3885e49eebfebdc.jpeg)
"Астана" командасы Конференция лигасының топтық кезеңі аясындағы алтыншы кездесуін өткізді. Қазақстандық клуб чехиялық "Виктория Пльзенге" қарсы матч өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Алғашқы таймда есеп ашылмады. Тек 58-минутта "Виктория Пльзень" ойыншысы Влканова гол соғып, таблоға өзгеріс енгізді (1:0). Ал 67 және 82-минутта чехиялық команданың футболшысы Москера екі гол соғып, дубль авторы атанды. Осылайша Чехияда өткен матч 3:0 есебімен "Виктория Пльзень" командасының жеңісімен аяқталды.
Аталған клуб Конференция лигасының С тобында бірінші орын иеленді. 18 ұпай жинаған алаң иелері турнирдегі жорығын жалғастырады.
Ал елордалық "Астана" футбол клубы 4 ұпаймен 3-орын иеленді. Яғни Конференция лигасының топтық кезеңінен шыға алмады. Елордалық ұжым осы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдегерлері атанды. 26 ойында 53 ұпай жинаған елордалық ұжым "Ордабасы" (58 ұпай) командасынан 5 ұпайға қалып қойған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2050944-astana-futbol-kluby-konferenciya-ligasynyn-toptyn-kezeninen-syga-almady/