Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадридпен" ойнайтынын естіген 4-лига командасының ерекше реакциясы әлем назарына ілікті (видео)

Опубликовано:

"Арандина" футбол клубы
"Арандина" футбол клубы. Фото: instagram/arandinacf

Футболдан Испания кубогының (Сopa del rey) 1/16 кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде испан футболының 4-дивизионында ойнайтын "Арандина" футбол клубы "Реал Мадридке" қарсы матч өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Испания чемпионатының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Испанияның 4-дивизионда өнер көрсететін "Арандинаға" турнирдің ең мықты командасы түсті десе де болады. Алайда жеребе тарту рәсімінің тікелей эфирінде "Реалға" қарсы ойнайтынын естіген команда ойыншылары қуанышын жасыра алмады.

"Реал Мадрид" пен "Арандина" футбол клубтары арасындағы тартысты матч 7 қаңтар болады. "Арандина" Испания кубогының 1/32 кезеңінде Ла Лигада өнер көрсететін "Кадисті" жеңіп, сенсация жасаған еді. Өз алаңында испан біріншілігінің жоғары дивизионында доп тебетін команданы 2:1 есебімен жеңіп кеткен еді. Ал 1/16 кезеңіндегі қарсыластары – "Реал Мадрид".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2051075-real-madridpen-oinaitynyn-estigen-4-liga-komandasynyn-erekse-reakciyasy-alem-nazaryna-ilikti-video/

pixel