Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар: "Ливерпуль" "МЮ" қақпасына тынымсыз шабуыл жасайды

Опубликовано:

"Ливерпуль" мен "МЮ" жейделері
"Ливерпуль" мен "МЮ" жейделері. Фото: Parimatch

"Ливерпуль" және "Ман Юнайтед" – АПЛ-дағы басты қарсыластар, сондықтан олардың осы текетіресін өткізіп алуға болмайды. Осы ойыннан не күтуге болатынын Parimatch сарапшыларымен талқылап көрейік.

"Ливерпуль"

"Скаузерлердің" АПЛ-дағы жағдайы керемет: тұрақтылық, голдарды сәтті іске асыру және қарсыластарының қателіктері Клопп ізбасарларын лиганың шыңына шығарды. Еуропа Лигасында да сәтті өнер көрсетті - олардан күтілгендей-ақ 1/8-де шықты. Бұл жетістік командада жарақат эпидемиясы болмағандығының нәтижесі екендігін білдіреді.

"Энфилд" – "Ливерпульдің" өз ойын алаңы мен күш-қуат алатын мекені. Бұл команданы өзінің стадионда ешқандай кедергі тоқтата алмайды. Яғни, "скаузерлер" шайқастың алғашқы минуттарынан бастап "МЮ" қақпасына қарай бет алып, шабуылдайды (әсіресе Онанаға оңай болмас). Parimatch сарапшылары "скаузерлер" кем дегенде 3 гол соғатынына (xG) сенімді және бұл үшін 2.07 коэффициентін ұсынады.

"Манчестер Юнайтед"

Қараңғы түнек пен үмітсіздік – қазір "қызыл сайтандардың" жанкүйерлері осындай сезімде. Иә, "Челсиді" жеңуі (2:1) керемет болды, тен Хаг бандасы АПЛ-да 6-орында келеді, алайда артынан команданың алдынан қара мысық кесіп өткендей болып, сәтсіздіктер легі бастау алды. Алдымен "Юнайтед" "Борнмуттан" (0:3) жеңіліп, содан кейін "Баварияға" (0:1) еріксіз жол беріп, еурокубоктардан шығып кетті. Жексенбідегі шайқаста сәтсіздік легі жалғасын таба ма - оны осы текетірестен білеміз.

Расмус Хойлунн Чемпиондар Лигасында "сайтандар" үшін жарқыраған ойын көрсетіп келді, бірақ АПЛ-да гол жаудырған жоқ. Еурокубоктарға күш жинаудың қажеті болмағандықтан, неге басты қарсыласқа гол соқпасқа? Міне, Parimatch сарапшылары да солай ойлап, Хойлунн голына 3.50 коэффициентін ұсынуда.

Аналитика мен болжам

"Ливерпуль" - бұл ойынның айқын фавориті. Ол мықтырақ, тұрақты және шайқас өз ойын алаңында өтеді. Сарапшылар да "скаузерлердің" жеңісіне сенімді: оларға 1.32, "Ман Юнайтедке" 8.70 коэффициенттерін ұсынуда. Бірақ "қызыл сайтандарды" бағаламауға болмайды - олардың сәтсіздіктер легі тым ұзаққа созыла бермес. Сарапшылар "МЮ" 2 доптан артық ұтылмайды деп санап, мұндай нәтижені 2.05-ке бағалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2051106-sarapsylar-liverpul-myu-qaqpasyna-tynymsyz-sabuyl-zasaidy/

pixel