jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы "Жетісу" клубының бапкері болды

    Қайрат Нұрдәулетов
    Қайрат Нұрдәулетов. Фото: instagram/jetisufk

    Талдықорғандық "Жетісу" футбол клубының бас бапкері қызметіне Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Жетісу" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, футболдан Қазақстан чемпионы, ҚР Кубогының иегері, ҚПЛ-дың 2002 жылғы үздік жартылай қорғаушысы Нұрдәулетов Қайрат Жұмабекұлы "Жетісу" командасының бас бапкері болып тағайындалды.

    Қайрат Жұмабекұлы – ойыншы ретінде "ЦСКА-Қайрат", "Есіл-Богатырь", "Ертіс", "Қайрат", "Тобыл", "Астана" және "Қайсар" командаларында өнер көрсетті. Қайрат Нұрдәулетов мансабын аяқтаған соң ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына енді, кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

    Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы "Жетісу" клубының бапкері болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.