Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

"Манчестер Сити" футбол клубы
"Манчестер Сити" футбол клубы. Фото: Alexandre Neto/Eurasia Sport Images/Getty Images

Футбол клубтары арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары аяқталды. "Манчестер Сити" командасы ақтық сынға жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 20 желтоқсанда "Урава" мен "Манчестер Сити" футбол клубтары арасында әлем чемпионатының жартылай финалдық матчы өтті. Нәтижесінде Пеп Гвардиола шәкірттері 0:3 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймның соңғы минутында "Урава" ойыншысы Хейбратен автогол салып есеп ашса, ойынның 52-минутында Ковачич есепті 0:2 жеткізді. Араға 7 минут салып Бернарду Сильва командасының үшінші голын соғып, матчтың тағдырын шешті.

"Манчестер Ситидің" финалдағы қарсыластары бразилиялық "Флуминенсе" командасы болады. Марсело бастаған "Флуминенсе" жартылай финалда "Аль-Ахли" ұжымын 2:0 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Сол ойындағы алғашқы голды 71-минутта пенальтиден Арияс салды. Ал ойынның соңғы голын 90-минутта Жон Кеннеди соқты.

Айта кетейік, "Манчестер Сити" мен "Флуминенсе" кездесетін клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы 23 желтоқсанда өтеді. Жарыстың соңғы матчтары Сауд Арабияның Джидда қаласында болады. Ал "Урава" мен "Аль-Ахли" үшінші орынды сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2051690-mancester-siti-klubtar-arasyndagy-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel