Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнольд Кнауб: әлем чемпионатын жеңу үшін шашымды қызғылт түске бояуға дайынмын

Опубликовано:

Арнольд Кнауб
Арнольд Кнауб. Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб команданың 2024 жылғы Әлем чемпионатына шығуы туралы пікір білдіріп, жеңіс үшін қандай қадамдарға дайын екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерланд командасын өз алаңында қабылдап, жеңгеннен кейін Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алған еді.

Топтық кезеңдегі соңғы матч Румыния командасына қарсы өтті. Рикардо Каканың шәкірттері жеңіске жетіп, топта 18 ұпай жинап рекорд орнатты. Осы іріктеу кезеңінің элиталық дивизионында қазақстандық команда 6 ойынның бәрін жеңіп, рекордтық нәтиже көрсетті.

Ұлттық құраманың ойыншысы Арнольд Кнауб команда жеңісінің сыры неде екенін айтып берді.

"Менің ойымша, біздің команда өте ұйымшыл. Бір-бірімізді сөзсіз түсіну үшін біраз жұмыстандық. Көп жылдардан бері бірге ойнаймыз. Физикалық дайындықты да айтпай кетуге болмайды, әрине. Осылардың барлығы бірігіп бізге осындай нәтиже берді."

Нидерландықтарды жеңгеннен кейін өткен баспасөз-мәслихаты кезінде ойыншылар бас бапкер Рикардо Какамен әзілдеспек болып, үстіне су төгіп жіберген. Бапкермен ойнағысы келгендердің қатарында Арнольд Кнаубта бар.

"Біз бір отбасымыз, бірге уақыт өткізу бізге ұнайды, бір-бірімізді қуантқан ұнайды. Осы жолы матчтан кейін өзімізді өте бақытты сезіндік. Бас бапкерден ұрыс естімедік, ол бізге ренжіген жоқ",– деді спортшы.

Футболшы Әлем чемпионатын жеңу үшін тіпті шашын қызғылт түске бояуға да дайын екенін айтты.

Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты келесі жылы 6 қыркүйек пен 14 қазан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына осымен төртінші рет қатысады. Команда ең үздік нәтижені 2021 жылы көрсеткен еді (4-орын).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2051950-arnold-knaub-alem-cempionatyn-zenu-usin-sasymdy-qyzgylt-tuske-boyauga-da-daiynmyn/

pixel