Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропа соты Суперлиганың пайдасына шешім шығарды: "Барселона" мен "Реал" жаңа турнир құрады

Опубликовано:

Еуропа Суперлигасы
Еуропа Суперлигасы. Көрнекі фото: Rafael Henrique/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Еуропа соты ФИФА мен УЕФА қауымдастықтары Суперлига турнирінің құрылуына еш кедергі жасамауы тиіс деген үкім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Заң ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.

Суперлиганың құрылу мәселесі 2021 жылдың сәуір айында басталған еді. Футболдағы жаңа турнирдің ашылуын еуропаның 12 ірі клубы қолдаған болатын. Алайда футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (ФИФА) мен Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) бұл жаңашылдыққа қарсы екендерін білдіріп, сотқа арызданған еді.

Суперлига
Суперлига. Көрнекі фото: Rafael Henrique/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Араға екі жыл салып, еуропалық сот осы мәселеге қатысты үкім шығарды. Ешқандай ұйым Суперлиганың құрылуына кедергі келтірмеуі тиіс деген шешімге келген екен. Ал Суперлиганың бас директоры Бернд Райхарт X әлеуметтік желісінде ойындардың барлығын тегін тікелей эфирден тамашалауға болады деді.

"Біз өз құқығымызды білеміз. УЕФА қауымдастығының монополиясы аяқталды. Футбол қолжетімді болуы керек. Енді клубтар санкция мен шектеулерден қорықпаса болады. Әр команда өзінің болашағын өзі жоспарлайды. Ал жанкүйерлерге айтарым, Суперлиганың барлық ойындарының тікелей эфирін тегін тамшалай аласыз!", – деді Бернд Райхарт.

Десе де, еуропаның бірқатар футбол клубтары Суперлигаға қатыспаймыз деп ресми түрде мәлімдеме жасады. Мәселен "Бавария" футбол клубының ресми сайтында тек неміс Бундеслигасына қатысатындары жайлы мәлімдеме жасалды.

"Бавария" клубының ресми мәлімдемесі
"Бавария" клубының ресми мәлімдемесі. Скриншот: fcbayern.com

"Біз Еуропа сотының үкімін ескердік. Алайда бұл "Бавария" футбол клубының шешіміне әсерін тигізбейді. "Бавария" тек неміс Бундеслигасына қатысады. Сонымен қатар еуропаның басқа да клубтары өз елінің ішкі біріншілігінде ойнаулары керек. Біздің мақсатымыз сол чемпионаттарды күшейту. УЕФА қауымдастығы ұйымдастыратын турнирлерге де адалмыз. Сондықтан біз Суперлигаға қатысудан бас тартамыз".

Қазіргі таңда Суперлигаға қатысушылардың тізімінде тек "Барселона" мен "Реал Мадрид" бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2052087-europa-soty-superliganyn-paidasyna-sesim-sygardy-barselona-men-real-zana-turnir-qurady/

pixel