jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасымен жолдастық матч өткізеді

    Футзалдан Қазақстан құрама ойыншылары
    Футзалдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан командасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жолдастық матчтар Ташкент қаласында өтетін 2024 жылғы Әлем чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылады. Ойындар 8 және 10 сәуір күндеріне белгіленді. Екі матч та Өзбекстан астанасында өткізіледі. Осыған дейін қос құрама 2021 жылы екі жолдастық кездесу өткізген еді. Бірінші кездесуде қазақстандықтар Өзбекстан ұжымын 3:2 есебімен жеңсе, келесі кездесудің жеңімпазы 6:4 есебімен өзбекстандықтар болды.

    Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің элиталық дивизионында 6 ойынның бәрін жеңіп, рекордтық нәтиже көрсеткен еді. Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына осымен төртінші рет қатысады. Команда ең үздік нәтижені 2021 жылы көрсеткен еді (4-орын).

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасымен жолдастық матч өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram