jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" АҚШ-та өткен жолдастық кездесуде жеңілсе де, қыруар ақша тапты

    "Барселона" ойыншылары
    "Барселона" футболшылары. Фото: JOSEP LAGO/AFP via Getty Images

    Далласта (АҚШ) өткен жолдастық матчта "Барселона" футбол клубы мексикалық "Америка" командасынан жеңілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Матч 2:3 есебімен мексикалық футбол клубының пайдасына шешілді. "Барселона" командасы сапында Ламин Ямаль (6-минут) және Марк Гиу гол (28) соқты. "Американың" құрамындағы Джулиан Киньонес (12, 50) дубль жасаса, тағы бір допты Энри Мартин (82) соқты.

    Barca Universal порталының Twitter-дегі ресми парақшасына сүйенсек, испандық клуб Далластағы кездесуден бес миллион еуро ақша тапқан. Десе де команда ойыншылары бұл матч үшін қосымша өтемақы алмаған.

    Еске салайық, Испания чемпионатының 18 турынан кейін "Барселона" 38 ұпаймен үшінші орында тұр. Испандық құрама "Реал" мен "Жиронадан" 7 ұпайға артта келеді.

    "Барселона" АҚШ-та өткен жолдастық кездесуде жеңілсе де, қыруар ақша тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.