Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бешікташ" Түркияның 100 жылдығына орай арнайы тігілген жаңа жейдемен ойнады (фото)

Опубликовано:

"Бешикташ" футбол клубы
"Бешикташ" футбол клубы. Фото: Serkan Avci/Anadolu via Getty Images

Футболдан Түркия чемпионатының 18-туры аясында "Бешікташ" пен "Хатайспор" клубы кездесті. Матчқа "Бешікташ" футболшылары Түркияның 100 жылдығына орай тігілген жаңа жейде киіп шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бешікташ" футбол клубының Instagram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бешікташ" футбол клубының арнайы тігілген жейдесі қара түсті. Жейденің сол жағында "100" cаны жарты ай түрінде бейнеленген. Ал оң жақ тұсында Мұстафа Кемал Ататүріктің суреті мен қолтаңбасы бар. Оның астында "Бешікташ" футбол клубының рәмізі орналасқан. Бұдан бөлек жейдеде клубтың негізін қалаушылары мен президенттерінің есімі жазылған.

"Бешікташ" пен "Хатайспор" арасындағы кездесу 2-1 есебімен аяқталып, "Бешікташтың" пайдасына шешілді. Жеңімпаздар тарапынан Семих Кылычсой (38-минутта) мен Омар Колли (53-минутта) гол соқса, "Хатайспорда" Армин Ходжич (80-минутта) көзге түсті.

"Бешікташ" құрамында Бахтиер Зайнутдинов алғашқы минуттарда алаңға шығып, 90 минут бойы ойнап шықты. Бұл оның ыстамбұлдық клуб сапындағы 13-ойыны.

Қазір "Бешікташ" 29 ұпаймен түрік Суперлигасының турнир кестесінде бесінші орында тұр. Ал "Хатайспор" 19 ұпаймен 13-орынға тұрақтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2052653-besiktas-turkiyanyn-100-zyldygyna-orai-arnaiy-tigilgen-zana-zeidemen-oinady-foto/

pixel