jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық футболшы Нұралы Әліп мадридтік "Реалға" ауысатыны рас па

    Нұралі Әліп
    Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

    "Реал Мадрид" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке ресми түрде ұсыныс жасаған жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport24 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Нұралы Әліптің мүддесін қорғайтын Player Career Management агенттігі футболшыға мадридтік "Реал" қызығып отырғаны туралы қауесетке жауап берді.

    "Нұралы Әліпке көп команда қызығушылық танытып, ұсыныс білдірді. Мысалы, Түркияның командалары. "Реалға" келер болсақ, біз қағаз жүзінде ешқандай ұсыныс алған жоқпыз. Біз "Зенитпен" сөйлесеміз, бірақ бұл кезеңде емес. Бүгінгі таңда ресейлік команда Әліпті команданың РПЛ-да жоғары нәтиже мен жеңіске жетуіне үлес қосқан негізгі құрамның ойыншысы ретінде есептейді", – делінген агенттіктің мәлімдемесінде.

    Нұралы Әліп сегіз жасынан бастап "Каспий" академиясында футболмен айналысқан.

    2015 жылы "Қайрат" академиясына ауысып, арада үш жыл өткен соң алматылық клуб сапында алғаш рет алаңға шықты. Нұралы "Қайрат" сапында жалпы есебі 99 матч өткізген.

    24 жастағы футболшы 2022 жылдың ақпан айынан бері "Зенит" сапында ойнап жүр. Осы маусымда ол санкт-петербургтік клубтың құрамында 20 матч өткізді.

    Қазақстандық футболшы Нұралы Әліп мадридтік "Реалға" ауысатыны рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.