Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Cемей" футзал командасы Қазақстан кубогының финалына шықты

Опубликовано:

"Семей" футзал клубы
"Семей" футзал клубы. Фото: instagram.com/fcsemey

Футзалдан Қазақстан кубогының екінші жартылай финалында "Ақтөбе" мен "Семей" командалары кездесті. Семейлік клуб 4-6 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогының финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Futsal Kazakhstan Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Матчтың есебін "Ақтөбе" ойыншысы Е.Нулет ашты. Кейін гол соққандар:

  • 1:1 Дәрібай ("Cемей")
  • 1:2 Тейшейра ("Cемей")
  • 1:3 Лазюк ("Cемей")
  • 1:4 Дедезиньо ("Cемей")
  • 2:4 Иманалин ("Ақтөбе")
  • 2:5 Дедезиньо ("Cемей")
  • 3:5 Нулет ("Ақтөбе")
  • 3:6 Дедезиньо ("Cемей")
  • 4:6 Иманалин ("Ақтөбе")

Бұған дейін алматылық "Қайрат" шымкенттік "Ордабасыны" жеңгенін жазғанбыз. Енді 29 желтоқсанда сағат 15:55-те "Ордабасы" мен "Ақтөбе" 3-орынды сарапқа салады. Ал ақтық мәре сағат 18:55-те "Қайрат" пен "Семей" арасында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053162-cemei-futzal-komandasy-qazaqstan-kubogynyn-finalyna-syqty/

pixel