jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Арсенал" өз алаңында "Вест Хэмнен" жеңіліп қалды

    "Bест Хэм" ойыншылары
    "Bест Хэм" ойыншылары. Фото: instagram.com/westham

    Футболдан Англия чемпионатының кезекті матчында "Арсенал" өз алаңында "Вест Хэмді" қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кездесу Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтті.

    Бірінші таймның 13-минутында Томаш Соучек есеп ашты. Алғашқы таймда басқа ешкім гол салған жоқ. Ал екінші таймда Константинос Мавропанос есепті еселеді.

    Осылайша "Арсенал" 2015 жылдан бері өз алаңында "Вест Хэмнен" алғаш рет ұтылды. Сөйтіп Англия премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орынға шыға алмады.

    Қазір кестеде "Ливерпуль" 42 ұпаймен көш бастап тұр. Ал "Арсенал" 40 ұпаймен екінші орынға жайғасса, "Вест Хэм" 33 ұпаймен 6-орынға жоғарылаған.

    "Арсенал" өз алаңында "Вест Хэмнен" жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.