jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жақында жолдастық кездесу өткізеді

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі алдында жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Qazsport телеарнасының Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы жайлы "Арман жолында" деректі фильмінде ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев жолдастық матч өткізу жоспарда бар екенін айтты.

    "Біз жоспарды ұсындық. Барлық қазақстандық клуб ұлттық құрама үшін тырысады деп үміттенемін. Біз ақпан айында жолдастық ойын өткізіп, Түркияда ұлттық құраманы жинап, жігіттермен тым болмаса бір апта жұмыс істегіміз келеді", – деді Магомед Адиев.

    Айта кетейік, Грекия мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу 21 наурызда Афинада өтеді. Жеңген құрама Грузия — Люксембург жұбында басым түскен командамен ойнап, Еуро-2024 турниріне жолдама үшін таласады.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жақында жолдастық кездесу өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.