Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду аңыз футболшы Марадона атындағы сыйлықтың жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Диего Марадона атындағы сыйлықты жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Euro-football.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

38 жастағы футболшы бұл марапатты 2023 жылдың үздік сұрмергені ретінде алады. Роналду 2023 жылы 54 гол соққан еді.

"Әл-Наср" шабуылшысына Марадона атындағы сыйлық 19 қаңтарда Дубайда өтетін Globe Soccer Awards кешінде беріледі. Бұл жиында португалиялық футболшы басқа да марапатқа ие болуы мүмкін. Мәселен, ол Таяу Шығыстағы үздік ойыншы атағына үміткер болып отыр.

Криштиану Роналду жақында әлемдік рекорд орнатқан еді. Оның "Әл-Тавун" клубына қарсы ойыны кәсіби мансабындағы 1200-матчы болды.

Роналду 2023 жылдың қаңтарынан бастап "Әл-Наср" сапында ойнайды. Ол клубпен 2025 жылға дейін келісімшартқа отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054057-ronaldu-anyz-futbolsy-maradona-atyndagy-syilyqtyn-zenimpazy-atandy/

pixel