jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "ПСЖ" клубынан кетеді: Мбаппенің қай командаға ауысуы мүмкін екені белгілі болды

    Килиан Мбаппе
    Киллиан Мбаппе. Фото: Franco Arland/Getty Images

    Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ footmercato.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлемдік футбол жұлдызы осыған дейін бірнеше рет "Реал Мадрид" футбол клубына ауысады деген ақпарат шықса да, "ПСЖ" ұжымындағы мансабын жалғастырған болатын.

    Жақында ғана Мбаппе Франция Суперкубогында "Тулуза" қақпасына гол соғып, командаға кезекті трофейіне жетуге үлкен үлес қосқан еді.

    "Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, бірнеше күн бұрын Килиан Мбаппе "Реалмен" келісімге келді. Испаниялық журналистердің қытығына тиіп жүрген мәселе өз шешімін тапты", – деп жазды Footmercato.net.

    Айта кетейік, Килиан Мбаппе "Парк-де-Пренс" алаңындағы 111-голын соққан еді. Осылайша Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Эдинсон Каванидің рекордын жаңартты. Уругвайлық футболшы ПСЖ командасының алаңында 110 гол салған.

    "ПСЖ" клубынан кетеді: Мбаппенің қай командаға ауысуы мүмкін екені белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.