jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: "Тоттенхэм" футбол клубы Германия ұлттық құрамасының ойыншысын сатып алды

    Футболшы Тимо Вернер
    Футболшы Тимо Вернер. Фото: tottenhamhotspur.com

    Футболдан Германия ұлттық құрамасының шабуылшысы Тимо Вернер лондондық "Тоттенхэм" клубына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Тоттенхэм" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    27 жастағы футболшы "Тоттенхэмге" Бундеслиганың "РБ Лейпциг" клубынан ауысып келді. Вернер лондондық клуб сапында 16-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

    "Біз Тимо Вернерді жалға алу құқығымен командаға қосқанымызды қуана хабарлаймыз", – деп жазды "Тоттенхэм" клубының баспасөз қызметі.

    Вернер жаңа командаға ауысқаннан кейін Instagram-дағы ресми парақшасында жазба жариялады.

    "Осы клубқа ауысқаныма қуаныштымын! Алаңға шығатын уақытты асыға күтемін", – деп жазды футболшы.

    Вернер осыған дейін 2020-2022 жылдары Англия Премьер лигасында "Челси" сапында ойнады. Ал осы маусымда "РБ Лейпциг" құрамында 14 матч өткізіп, 2 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түсті. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік нарықтағы құны 17 миллион еуро.

    Ресми: "Тоттенхэм" футбол клубы Германия ұлттық құрамасының ойыншысын сатып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.