jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" клубының бұрынғы ойыншысы Жерар Пике футболға қайта оралатынын мәлімдеді

    Футболшы Жерар Пике
    Футболшы Жерар Пике. Фото: instagram.com/3gerardpique

    Испаниялық "Барселона" клубының бұрынғы ойыншысы Жерар Пике футболға оралмақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ футболшының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жерар Пике футбол саласында жаттықтырушы ретінде қызмет еткісі келеді.

    "Жаңа жыл келді. Мен ойланып, футболға қайта ораламын деп шештім. Футболды қатты сағындым. Бұл жолы ойыншы ретінде емес, жаттықтырушы ретінде ораламын. Толық ақпаратты апта соңында жариялаймын", – деп жазды Пике X желісіндегі парақшасында.

    36 жастағы ойыншы кәсіпқой ойыншы мансабын 2022 жылдың соңында аяқтады. Ол "Барселона" құрамында 616 кездесу өткізіп, 53 гол және 15 нәтижелі паспен көзге түсті.

    Пике Испания ұлттық құрамасы сапында бір рет әлем және Еуропа чемпионатын жеңіп алған еді. Ал клубтық деңгейде төрт рет Чемпиондар Лигасын, тоғыз рет Ла Лиганы, үш рет УЕФА Суперкубогын, жеті рет Испания кубогын, алты рет Испания Суперкубогын жеңген. Сонымен қатар "Манчестер Юнайтед" клубы сапында бір рет АПЛ және Англия суперкубогы мен кубогын жеңіп алды.

    "Барселона" клубының бұрынғы ойыншысы Жерар Пике футболға қайта оралатынын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.