Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан чемпионаттарында легионерлерге қойылатын шектеу ресми түрде алынды

Опубликовано:

ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов
ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов. Фото: instagram.com/a.barmenkulov

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Қазақстан чемпионаттарында легионерлерге қойылатын шектеуді алып тастау туралы шешімді түсіндіріп берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әділет Барменқұловтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың айтуынша, кейінгі 5 жылда легионерлердің үлесіне байланысты түрлі эксперименттер жүргізілген.

"Алайда бұл шешімдердің ауыз толтырып айтар нәтиже бермегенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан біз соңғы 2 жылда сараптама жүргізіп, келесі ережені қабылдауға бел будық: егер бұрын алаңға шыққан кезде легионер саны міндетті түрде жетеу болса, енді олардың санын шектеуді алып тастадық. Бірақ өтініш берген кезде жиырма бес футболшының он үші Қазақстан футболының өкілі болады. Бұл ең алдымен бәсекелестікті жоғарылатады. Демек, футбол дамиды" — деді Барменқұлов.

Федерация басшысы аталмыш шешімнің қабылдануына түрткі болған басқа себептерді атады.

"Екіншіден, кәсіби футбол клубтарын алақұла агенттердің көлеңкелі жүйесінен қорғайды. Нарықтық еңбекақы жүйесін құрып, жалақыны жасанды көбейтуді тоқтатамыз. Үшіншіден, футболға деген бұқараның қызығушылығын арттырады, стадиондардың толуына алып келеді. Демек, жаңа заманауи стадиондардың құрылысына қажеттілікті тудырады. Осылайша чемпионатқа деген халықтың қызығушылығы арқылы біз инвесторлардың да қызығушылығын тудырамыз. Сонда ғана біз мемлекеттік қаржыландырудан жеке кәсіпкерлердің инвестицияларына көше аламыз. Яғни, біз қазір футболдың бизнес индустриясын құрып жатырмыз. Жұмыстың осындай шартымен әр клуб өз құрамын сауатты құратын болады. Көбінің өз футболшыларын тәрбиелеуге талпынысы оянады деп сенеміз", — деп атап өтті федерация басшысы.

Оның айтуынша, ережедегі өзгерістер клубтардың балалар футболына қаржы құюына бағытталған.

"Олар өз ойыншыларын тәрбиелеп, трансфер арқылы қаржы таба алады. Ал енді ұлттық құрама туралы айтсақ, осы жұмыстарды атқарсақ, ұлттық құрама ойындарының деңгейі артады. Сонымен бірге ұлттық құрама барынша Қазақстан азаматтарынан құрылады. Бұл - федерацияның негізгі ұстанымы", — деп түйіндеді Әділет Барменқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054821-qazaqstan-cempionattarynda-legionerlerge-qoiylatyn-sekteu-resmi-turde-alyndy/

pixel