Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан жастар құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Опубликовано:

Константин Горовенко
Константин Горовенко. Фото: kff.kz

Константин Горовенко футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметіне Қайрат Нұрдәулетовтің орнына Константин Горовенко тағайындалды.

"Қазақстан футбол федерациясы Қайрат Нұрдәулетов бастаған жаттықтырушылар штабына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы кәсіби мансабында сәттілік тілейді", — деп жазды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Жаңа бапкерге Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Елдос Ахметов көмектеспек. Ал толық жаттықтырушылар штабы кейінірек жасақталады.

Константин Горовенко футболдағы мансабында "Қайрат", "Қайнар", "Жеңіс", "Алма-Ата", "Сұңқар", "Мегаспорт" сынды клубтарда ойнаған. 2000-2001 жылдары Қазақстан құрамасы сапында 6 кездесу өткізіп, 3 голмен көзге түскен.

Горовенконың бапкерлік тәжірибесі мол. Ол "Сұңқар" клубының бас бапкерінің көмекшісі болған. Кейін "Қайраттың" жастар командаcында қызмет атқарды. 2017 жылы Горовенконың арқасында алматылық клубтың фарм-командасы Қазақстан Бірінші лигасының қола жүлдесін иеленді. Бұл бапкердің дебюттік маусымы еді.

Горовенко 2018-2020 жылдары "Жетісудың" екінші командасын баптады.

2020 жылы ол қарағандылық "Шахтерда" қызмет атқарды. Сол маусымда команда Премьер-лигада төртінші орын алып, еурокубокқа жолдама иеленді.

2021 жылы Горовенко "Мақтааралдың" бас бапкері болып тағайындалды. Команда Бірінші лиганың күміс жүлдегері атанып, Премьер-лигаға өтті.

Футбол маманы "Атырау" және "Каспий" клубтарына да басшылық еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055138-futboldan-qazaqstan-zastar-quramasyna-zana-bapker-tagaiyndaldy/

pixel