jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Елімай" футбол клубы Ресей Премьер лигасының клубына қарсы матч өткізеді

    Елімай футбол клубы
    Елімай футбол клубы. Фото: instagram/fc_elimai

    Семейлік "Елімай" мәскеулік "Динамо" командасымен жолдастық матч өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Елімай" құрамасының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталмыш кездесу оқу-жаттығу жиындары аясында 11 ақпан күні Түркияның Белек қаласында өтеді.

    "Елімай" клубының бас бапкері Андрей Карпович пен оның көмекшісі Колодин бұрын "Динамо" сапында өнер көрсеткен.

    “Елімай” футбол клубы 2022-2023 жылғы маусымда футболдан Қазақстан бірінші лигасының чемпионы атанып, ҚПЛ-ға жолдама алған еді. Семейлік команданы Премьер лигаға шығарған бапкер Самат Смақовтың орнына ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Андрей Карпович келді.

    Айта кетейік, "Динамо" 2021-2022 жылғы маусымда Ресей кубогының финалына шығып, "Спартак" командасынан 2:1 есебімен жеңілген еді.

    "Елімай" футбол клубы Ресей Премьер лигасының клубына қарсы матч өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.