jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бахтиер Зайнутдинов "Бешікташтың" үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарында

    "Бешікташ" футбол клубы
    "Бешікташ" футбол клубы. Фото: instagram.com/besiktas

    Түркиялық "Бешікташ" футбол клубы қазақстандық ойыншы Бахтиер Зайнутдиновты матчтың үздік ойыншысы атағына ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бешікташтың" X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркия кубогының 1/16 финалында "Бешікташ" ұжымы "Эюпспормен" кездесті. Бұл матчқа Бахтиер Зайнутдинов алғашқы минутта шығып, кездесу аяқталғанға дейін орталық қорғаушы позициясында ойнады. "Бешікташ" клубы қарсылас команданы 4:0 есебімен ойсырата ұтып, Түркия кубогының 1/8 финалына шықты.

    Жеңіспен аяқталған матчтан кейін "Бешікташтың" X желісіндегі парақшасында матчтың үздік ойыншысы атағына үміткерлер жарияланды. Оның ішінде Бахтиер Зайнутдинов, Анте Ребич, Рашид Геззал және Дженк Тосун бар.

    Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов Түркия кубогына алғаш рет қатысып отыр. Ол "Бешікташ" сапында жалпы есеппен 24 матч өткізді.

    Бахтиер Зайнутдинов "Бешікташтың" үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарында

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.