Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы "Арсенал" футбол клубына ауысты

Опубликовано:

Александр Зуев
Александр Зуев. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Александр Зуев ресейлік "Арсенал Тула" футбол клубына ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Арсенал Тула" футбол клубының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Александр Зуев "Тобыл" футбол мектебінің түлегі. Кәсіби футболшы мансабын мәскеулік "Спартак" командасында бастаған. Сонымен қатар "Крылья Советов", "Ростов", "Рубин", "Химки", "Нови Белград" сияқты ұжымдарда да доп тепкен.

"Арсенал Тула" – Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін команда. Тулалық клуб Ресей ұлттық футбол лигасының (ФНЛ) турнирлік кестесінде 35 ұпаймен 5-орында тұр. Айта кетейік, ФНЛ – Ресей футбол чемпионаттарының ішінде Премьер лигадан кейін тұрған дивизион. Чемпионат ережесі бойынша маусым соңында алғашқы 4 орын алған командала РПЛ-ға жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2056048-resmi-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-oiynsysy-arsenal-futbol-klubyna-auysty/

pixel