Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқандай өзгеріс болмайды": "Ордабасы" футбол клубы ресми мәлімдеме жасады

Опубликовано:

"Ордабасы" футбол клубы
"Ордабасы" футбол клубы. Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы команданың президенті Бауыржан Әбдубаитов қызметінен кетеді деген ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ордабасы" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ордабасы" футбол клубы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Клубымыздың және президент Бауыржан Әбдубаитовтың айналасындағы болжамдарды тағы да жоққа шығаруымызға тура келіп тұр. Басшылықта ешқандай өзгерістер болмады, жаспарда да жоқ. Қаламыз бен командамыздың ынтымақтастығы бұрынғыдан да артуда, ал бар назарымыз мақсаттарымызға жетуде және еурокубоктар мен ішкі жарыстарда сәтті өнер көрсетуімізде.

Біз жанкүйерлерден және біздің клубқа көңіл бөлетін барлық адамдардан әртүрлі интернет көздеріндегі ақпараттардың сапасына мұқият болуларыңызды сұраймыз!

Ұжым клуб президенті Бауыржан Тойшыбекұлымен бірге алға ұмтылып, алға қойған мақсатына жететін болады", — деп жазды "Ордабасы" клубы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2056378-esqandai-ozgeris-bolmaidy-ordabasy-futbol-kluby-resmi-malimdeme-zasady/

pixel