Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" футбол клубы жаңа ойын жейдесін ұсынды (фото)

Опубликовано:

"Манчестер Ситидің" жаңа жейдесі
"Манчестер Ситидің" жаңа жейдесі. Фото: instagram.com/mancity

"Манчестер Сити" футбол клубы жаңа киім топтамасын таныстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Манчестер Сити" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлу жылына орай тігілген топтамада жейде, жекет, cпорттық костюм бар. Киімдердің дизайнынан "Этихад" стадионының 20 жылдық тарихы қытай мәдениетінің әсемдігімен үйлестірілгенін көруге болады. Топтаманың ең маңызды дүниесі — тапсырыспен тігілген трикотаж және қолмен жасалған иллюстрациялар.

"Біздің өнімдерімізді кию арқылы "Манчестер Ситиге" деген махаббатын көрсетуді ұнататын жанкүйерлер көп. Соңғы топтамаларымыздың сәтті шыққанын ескере отырып, біз инновациялар мен дәстүрлерді біріктіретін тағы бір топтаманы ұсынып отырмыз. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріміз Ұлу жылына арналған жейдені және басқа киімдерді ұнатады деп үміттенеміз", — деді "Манчестер Ситидің" бөлшек сауда және лицензиялау жөніндегі директоры Серена Гослинг.

Топтамадағы киімдерге "Манчестер Сити" футбол клубының ресми сайты арқылы тапсырыс беруге болады. Киімдердің бағасы 35 еуродан басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2056457-mancester-siti-futbol-kluby-zana-oiyn-zeidesin-usyndy-foto/

pixel