jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Интер" қатарынан үшінші жыл Италия Суперкубогын жеңіп алды

    "Интер" футбол клубы
    "Интер" футбол клубы. Фото: twitter.com/Inter_en

    "Интер" футбол клубы финалда "Наполи" командасымен кездесіп, Италия Суперкубогын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Италия Суперкубогының финалы Эр-Рияд қаласындағы (Сауд Арабия) "Әл-Авваль Парк" стадионында өтті.

    Алғашқы минуттардан-ақ "Интер" өткір шабуыл көрсете бастады. 39-минутта Лаутаро Мартинестің голы оффсайдтан соғылғандықтан, есепке алынбады. Бірінші тайм нәтижесіз аяқталды. Матчтың жеңісті голын Лаутаро Мартинес 90+5-минутта соқты. Осылайша Италия Суперкубогын "Интер" футбол клубы жеңіп алды.

    Осыған дейін "Милан" клубы 1992-1994 жылдар аралығында осындай нәтиже көрсеткен еді. Ал бұл "Интер" футбол клубының аталмыш трофейді 8 мәрте иеленуі. Бұл көрсеткіш бойынша рекорд "Ювентусқа" тиесілі (9).

    "Интер" қатарынан үшінші жыл Италия Суперкубогын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.