jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Ювентус" футбол клубы Португалия ұлттық құрамасының ойыншысын сатып алды

    Тягу Джало келісімшартқа қол қоюда
    Тиагу Джало. Фото: juventus.com

    Франциялық "Лилль" командасының қорғаушысы Тиагу Джало туриндік "Ювентус" клубына ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ювентус" футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    23 жастағы қорғаушы "Ювентус" футбол клубымен 2026 жылға дейін келісімшарт жасасты. Португалия жастар құрамасының ойыншысы осыған дейін "Лилль" футбол клубында доп тепкен.

    Transfermarket порталы футболшының нарықтағы құнын 15 миллион еуроға бағалайды.

    Тиагу футболшы мансабын "Метральяс" және "Дамаейнсе" жастар клубынан бастаған. "Спортинг" футбол клубында 2018-2019 жылдары өнер көрсетті. Ал 2019 жылдың 11 тамызында франциялық "Лилль" командасымен 5 жылдық келісімшартқа қол қойды.

    "Ювентус" командасы "А Сериясы" чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Массимилиано Аллегридің клубы 21 матчта 52 ұпай жинады.

    "Ювентус" футбол клубы Португалия ұлттық құрамасының ойыншысын сатып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.