Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы Азия кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алды

Опубликовано:

Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншылары
Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншылары. Фото: Robert Cianflone/Getty Images

Бүгін, 23 қаңтарда футболдан Өзбекстан құрамасы Аустралия ұлттық құрамасымен тең ойнап, Азия кубогының плей-офф кезеңіне шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

12 қаңтарда Азия құрлығының елдері арасында футболдан дүбірлі дода басталған еді. 2022 жылы Әлем чемпионатын қабылдаған Қатар биыл да футбол мерекесін ұйымдастырып отыр. Азия кубогына 24 ұлттық құрама таласуда. Топтық кезеңде алғашқы екі орын иеленген командалар плей-оффқа шығып, келесі кезеңге өту үшін қарсыластарын жеребе арқылы анықтайды.

В тобында Үндістан ұлттық құрамасын 3:0 есебімен ұтып, Сирия және Аустралиямен тең ойнаған Өзбекстан ұлттық құрамасы 5 ұпай жинап, 2-орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Ал Қырғызстан құрамасы F тобында екі матч өткізіп, әзірге соңғы орында келеді. 25 қаңтарда болатын матчта жеңсе де, плей-оффқа шыға алмайды. Себебі осы топтағы Сауд Арабия (6 ұпай) мен Таиланд (4 ұпай) ұжымдарына ұпай саны жетпейді.

Айта кетейік, Азия кубогының плей-офф кезеңіне шыққан командалар саны жетіге жетті:

  • Катар;
  • Тәжікстан;
  • Австралия;
  • Иран;
  • Ирак;
  • Сауд Арабиясы;
  • Өзбекстан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2057142-futboldan-ozbekstan-ulttyq-quramasy-aziya-kubogynyn-plei-off-kezenine-zoldama-aldy/

pixel