Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" клубы бразилиялық футболшымен арадағы келісімшартты 2028 жылға дейін ұзартты

Опубликовано:

Эдер Милитан
Эдер Милитан. Фото: Helios de la Rubia/Real Madrid via Getty Images

Мадридтік "Реал" футбол клубы бразилиялық ойыншы Эдер Милитанмен арадағы келісімшартты 2028 жылдың жазына дейін ұзартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Реал Мадрид" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хаббарлайды.

Бразилия ұлттық құрамасының қорғаушысы Эдер Милитан "Реал Мадрид" сапына 2019 жылы қосылды. Оның "Портудан" испан клубына ауысқан трансфері 50 миллион еуроға бағаланған еді. Милитан мадридтік "Реалмен" 5 маусымда 9 трофей жеңіп алды. Чемпиондар лигасын 1 рет, клубтар арасындағы Әлем чемпионатын 1 рет, Еуропа Суперкубогын 1 мәрте және Испания біріншілігін 2 рет жеңді.

26 жастағы қорғаушы "Реал Мадрид" футбол клубында қалғанына қуанышты екенін айтты.

"Мадридтік клубтың жанкүйерлері сәлем! Келісімшартты создырғаныма қуаныштымын, алға Мадрид", – деді Эдер Милитан.

Айта кетейік, Эдер Милитан Испания чемпионатының 2023-24 жылғы маусымының басында тізе жарақатын алып, қатардан шығып қалған еді. Орталық қорғаушы алаңғы әлі оралған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2057216-real-madrid-kluby-braziliyalyq-futbolsymen-aradagy-kelisimsartty-2028-zylga-deiin-uzartty/

pixel