jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" футбол клубы Испания кубогының жартылай финалына шыға алмады

    "Барселона" футбол клубы
    "Барселона" футбол клубы. Фото: Juan Manuel Serrano Arce/Getty Images

    Бүгін, 25 қаңтарда Испания кубогының 1/4 кезеңінің ойындары өтті. Нәтижесінде "Барселона" футбол клубы "Атлетик Бильбаодан" жеңіліп, жарыс жолын аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Испания кубогының 2023/24 жылғы маусымның плей-офф кезеңдері жалғасып жатыр. Турнирдің 1/4 финалында "Ателик Бильбао" мен "Барселона" футбол клубтары кездесті.

    Матчтың алғашқы голын алаң қожайындары сапындағы ойыншы Гурусета 1-минутта соқты. Араға 25 минут салып Роберт Левандовски есеп теңестірсе, Ламин Ямаль 32-минутта "Барселонаны" алға шығарды. Десе де екінші таймның басына Нико Уилбямстан пас қабылдаған Санчет "Атлетик Бильбаоның" екінші голын салып, ойынды экстра-таймға аударды.

    Жеңімпаздың тағдырын "Атлетик Бильбао" футбол клубының 21 жастағы ойыншысы Нико Уильямс шешіп кетті. Экстра-таймның 105 және 120-минутында гол соғып, дубль авторы атанды. Осылайша "Барселона" футбол клубы жартылай финалға өте алмады.

    Айта кетейік, Испания кубогының 1/4 финалында осы матчтан бөлек "Сельта" – "Реал Сосьедад" (1:2), "Мальорка" – "Жирона" (3:2) кездесулері өтті. Сонымен қатар бүгін, 25 қаңтарда "Атлетико Мадрид" өз алаңында "Севилья" ұжымын қабылдайды.

    "Барселона" футбол клубы Испания кубогының жартылай финалына шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.