jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    ҚПЛ жүздікте: әлемнің үздік футбол лигасы анықталды

    "Интер" футбол клубы
    "Интер" футбол клубы. Фото: Matteo Ciambelli / DeFodi Images via Getty Images

    Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) өткен жылдың топ-100 футбол лигасының тізімін жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IFFHS ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    IFFHS нұсқасы бойынша, Италияның "А Серия" чемпионаты 2023 жылдың ең үздік футбол лигасы атанды. Осылайша италиялық лига бұл атақты 12-рет иеленіп отыр. Өткен жылы "А сериясында "Наполи" футбол клубы 33 жылдан соң алғаш рет чемпион болған еді.

    Аталған тізімдегі екінші орынға Англия Премьер лигасы жайғасқан. Үздік үштікті Испания чемпионаты түйіндеп тұр.

    Қазақстан Премьер лигасы 2022 жылы тізімде 132-орында тұрған еді, осы жолы 82-cатыға жоғарылады. Орталық Азия елдерінен Өзбекстан біріншілігі 67-орынға, ал Түрікменстан чемпионаты 98-орынға табан тіреген.

    IFFHS нұсқасы бойынша топ-10 футбол лигасы:

    1. Италия – 1619,5 ұпай;
    2. Англия – 1567 ұпай;
    3. Испания – 1447 ұпай;
    4. Бразилия – 1290,5 ұпай;
    5. Германия – 1282,75 ұпай;
    6. Франция – 1143,25 ұпай;
    7. Португалия – 1097 ұпай;
    8. Нидерланд – 1049,75 ұпай;
    9. Бельгия – 1004,75 ұпай;
    10. Аргентина – 966,5 ұпай;

    Айта кетейік, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) жылдың үздік футбол лигасын 1991 жылдан бері анықтап келе жатыр.

    ҚПЛ жүздікте: әлемнің үздік футбол лигасы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.