jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Африка ұлттар кубогының плей-офф кезеңінде ойнайтын командалар анықталды

    "Ангола" ұлттық құрамасы
    "Ангола" ұлттық құрамасы. Фото: instagram.com/caf_online

    Футболдан Африка ұлттар кубогының плей-офф кезеңіне өткен барлық құрама белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Африка ұлттар кубогының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Плей-офф кезеңге 16 команда жолдама алды. Олар: Камерун, Сенегал, Ангола, Мавритания, Намибия, Гвинея, Буркина-Фасо, Экваторлық Гвинея, Нигерия, Кабо-Верде, Мали, Оңтүстік Африка, Египет, Марокко, Конго ДР және Кот-д'Ивуар.

    Енді 1/8 финалда осы жұптар кездеседі:

    • Ангола – Намибия;
    • Нигерия – Камерун;
    • Экваторлық Гвинея – Гвинея;
    • Египет – Конго ДР;
    • Кабо-Верде – Мавритания;
    • Сенегал – Кот-д'Ивуар;
    • Мали – Буркина-Фасо;
    • Марокко – Оңтүстік Африка.

    1/8 финалдың матчтары 27-30 қаңтар аралығында өтеді.

    Айта кетейік, Африка ұлттар кубогы 13 қаңтарда басталды және 11 ақпанға дейін жалғасады. Бұл бәсеке Батыс Африкадағы Кот-д’Ивуар Республикасының Абиджан, Буаке, Сан-Педро, Ямусукро және Корого қалаларында өтіп жатыр.

    Соңғы рет Африка кубогын 2022 жылы Сенегал құрамасы жеңіп алған. Сенегалдықтар финалда Египет құрамасымен кездесіп, пенальти сериясы арқылы 4:2 есебімен ұтқан еді.

    Футболдан Африка ұлттар кубогының плей-офф кезеңінде ойнайтын командалар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.