Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атлетико Мадрид" жеті жыл бұрынғы жетістігін қайталады

Опубликовано:

"Атлетико Мадрид" футбол клубы
"Атлетико Мадрид" футбол клубы. Фото: Mateo Villalba/Getty Images

"Атлетико Мадрид" соңғы жеті жылда алғаш рет Испания кубогының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 26 қаңтарда Мадрид қаласындағы "Метрополитано" алаңында "Атлетико Мадрид" пен "Севилья" футбол клубтары кездесті. Нәиижесінде алаң иелері 0:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Бірінші таймның 26-минутында Антуан Гризман "Севилья" қақпасына пенальти теуіп, гол соға алмады. Ал екінші таймның 79-минутында Мемфис Депай есеп ашты.

Ширек финалда "Севильяны" жеңген Диего Симеоне шәкірттері 2016/2017 жылғы маусымнан бері турнирдің жартылай финалында ойнамаған. "Атлетико Мадрид" Испания кубогын соңғы рет 2012/2013 жылғы маусымда жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2057625-atletiko-madrid-songy-zeti-zylda-bagyndyrmagan-zetistigin-qaitalady/

pixel