jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әлемдегі ең табысты футбол клубы анықталды

    "Реал Мадрид" ойыншылары
    "Реал Мадрид" ойыншылары. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

    Deloitte халықаралық аудит және қаржылық бақылау компаниясы 2022/23 жылғы маусымда ең көп табыс тапқан футбол клубтарының рейтингтін жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Deloitte компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Рейтингке енген футбол клубтарының жалпы табысы 10,5 млрд еуроға жетіп, 2021/22 жылғы маусымға қарағанда 14 пайызға өскен.

    Тізімде "Реал Мадрид" командасы 831,4 миллион еуро табыспен көш бастап, өткен маусымдағы ең бай футбол клубы атанды. Испаниялық команда 2017/18 маусымнан бері алғаш рет бұл рейтингте бірінші орынға шықты.

    Екінші орынға "Манчестер Сити" (826 млн еуро) жайғасса, үшінші орында "Пари Сен-Жермен" (802 млн еуро) тұр.

    2022/23 жылғы маусымда ең көп табыс тапқан 20 клуб:

    1. "Реал Мадрид" (831,4 млн еуро); 
    2. "Манчестер Сити" (825,9 млн еуро);
    3. "ПСЖ" (801,8 млн еуро);
    4. "Барселона" (800,1 млн еуро);
    5. "Манчестер Юнайтед" (745,8 млн еуро);
    6. "Бавария" (744 млн еуро);
    7. "Ливерпуль" (682,9 млн еуро);
    8. "Тоттенхэм" (631,5 млн еуро);
    9. "Челси" (589,4 млн еуро);
    10. "Арсенал" (532,6 млн еуро);
    11. "Ювентус" (432,4 млн еуро);
    12. "Боруссия" Дортмунд (420 млн еуро);
    13. "Милан" (385,3 млн еуро);
    14. "Интер" (378,9 млн еуро);
    15. "Атлетико" (364,1 млн еуро);
    16. "Айнтрахт" Франкфурт (293,5 млн еуро);
    17. "Ньюкасл" (287,8 млн еуро);
    18. "Вест Хэм" (275,1 млн еуро);
    19. "Наполи" (267,7 млн еуро);
    20. "Марсель" (258,4 млн еуро).
    2022/23 жылғы маусымда ең көп табыс тапқан футбол клубтарының рейтингі
    2022/23 жылғы маусымда ең көп табыс тапқан футбол клубтарының рейтингі. Скриншот: www2.deloitte.com

    Айта кетейік, 2021/22 жылғы маусымда "Манчестер Сити" ең табысты клуб атанған еді. Англиялық команда өткен жылғы рейтингте 731 миллион еуромен бірінші орынға шыққан болатын.

    Әлемдегі ең табысты футбол клубы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.