jitsu gif
Спорт

    "Каспий" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

    Бапкер Владимир Никитенко
    Бапкер Владимир Никитенко. Фото: instagram.com/caspiy_fc_

    Танымал футбол маманы Владимир Никитенко ақтаулық "Каспий" командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Каспий" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бапкер қазір командамен жаттығуларды бастап кеткен. Никитенконың көмекшісі болып Маңғыстау футбол мектебінің тәрбиеленушісі Жасұлан Оймағанбетов тағайындалды.

    Еске салайық, ҚПЛ-дың 2023 жылғы нәтижелері бойынша "Каспий" 14 команданың ішінде 13-орынға тоқтаған еді. Осылайша ақтаулық команда келесі маусымда Бірінші лигада өнер көрсетеді.

    Владимир Никитенко осыған дейін семейлік "Елімай" клубының бас бапкері қызметінде болған. Жаттықтырушы мансабында бірқатар қазақстандық командаларда және грозныйлық "Терек" ұжымында да қызмет атқарған.

    Никитенко футболшы мансабында әртүрлі клубтар сапында екі мәрте Қазақстан чемпионы және 4 рет Қазақстан Кубогының иегері болған.

    "Каспий" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.