jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Месси әлде Роналду: "Астана" футбол клубының ойыншылары кімді таңдайды

    Роналду мен Месси
    Роналду мен Месси. Фото: Power Sport Images/Getty Images

    Елордалық "Астана" футбол клубының ойыншылары "Месси әлде Роналду мықты ма" деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Астана" футбол клубының бапкерлер штабы мен ойыншылары 14 қаңтардан бері Біріккен Араб Әмірліктерінде маусым алды оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Клубтың әлеуметтік желідегі ақпаратына сүйенсек, жаңа маусымға дайындық 31 қаңтарға дейін жалғасады.

    Елордалық команданың ойыншыларына "Барлық уақыттағы ең үздік ойыншы кім? Месси әлде Роналду?" деген сұрақ қойылған еді. Футболшылардың басым көбі португалиялық спортшыны таңдады. 24 ойыншының 15-і Роналду десе, 9 футболшы ғана Месси деп жауап берді.

    Айта кетейік, "Астана" футбол клубы ҚПЛ-дың өткен маусымында 53 ұпай жинап, жарысты 2-орында аяқтаған еді. Елордалық ұжым келесі маусым Еуропа лигасының іріктеу ойындарына қатысады.

    Месси әлде Роналду: "Астана" футбол клубының ойыншылары кімді таңдайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.