jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Тәжікстан ұлттық құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді

    Тәжістан ұлттық құрамасы
    Тәжістан ұлттық құрамасы. Фото: Kaz Photography/Getty Images

    Тәжікстан ұлттық құрамасы Қатарда өтіп жатқан Азия кубогының плей-офф кезеңінің алғашқы айналымында БАӘ құрамасын ұтып, 1/4 финалға жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ар-Райяндағы кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Тәжікстан құрамасынан Вахдат Ханонов 30 минутта гол соқты. Ал БАӘ командасы екінші таймда Халифа Әл Хаммадидің голының арқасында есепті теңестірді.

    Осылайша кездесу пенальти сериясына дейін ұласты. Пенальти сериясында тәжікстандықтар бес соққының бәрін голға айналдырды. Ал команданың қақпашысы Рустам Ятимов қарсыластың бір соққысын қайтарды. Матчтан кейінгі сериядағы қорытынды есеп 5:3.

    Алғаш рет Азия кубогының плей-офф кезеңінде бақ сынаған Тәжікстан құрамасы турнирдің үздік сегіз командасының қатарына енді. Ширек финалдағы қарсыласы 2 ақпанда өтетін Ирак – Иордания жұбының жеңімпазы.

    Айта кетейік, футболдан Азия кубогының топтық кезеңдегі ойындары аяқталып, плей-оффқа өткен құрамалар белгілі болған еді. Плей-оффқа 16 команда жолдама алды. Олардың қатарында Тәжікстан, Аустралия, Қатар, Өзбекстан, Иран, БАӘ, Ирак, Жапония, Бахрейн, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Таиланд, Иордания, Сирия, Палестина, Индонезия құрамалары бар.

    Футболдан Тәжікстан ұлттық құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.