Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" футбол клубының жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

Опубликовано:

Хави Эрнандес
Хави Эрнандес.Фото: fcbarcelona.es

Спорт журналисі Кристиан Фальк "Барселона" футбол клубының жаңа бапкері кім болуы мүмкін екенін жазды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Кристиан Фальктің X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист Кристиан Фальктің ақпаратына сүйенсек, "Барселонаның" бапкері қызметіне "Бавария" футбол клубының бұрынғы жаттықтырушысы Ханс-Дитер Флик тағайындалуы мүмкін. Кристианның айтуынша, "Барселонаның" президенті Жоан Лапорта 2021 жылы Фалькті бапкер болуға шақырған көрінеді. Бірақ неміс маманы бас тартқан. Кейін Жоан Лапорта Хавиді бапкер етіп тағайындаған.

"Ханс Флик – Хавидің орнын басатын жақсы үміткер. Президент Жоан Лапорта оның кандидатурасын ұсынып отыр. Германия құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы жазда жұмысқа кірісуге дайын, оны шетелдік лига қызықтырады", – деп жазды Кристиан Фальк.

Осыған дейін "Барселонаның" қазіргі бапкері Хави Эрнандес қызметінен кететінін мәлімдеген еді. Бұл туралы ол "Барселона" командасы "Вильярреалдан" жеңіліп қалғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Мен 30 маусымнан бастап "Барcаның" бас бапкері болмаймын. Меніңше, жағдай өзгеруі керек және кулер ("Барселонаның" жанкүйері) ретінде мен мұндай жағдайға жол бере алмаймын", – деді Хави.

Хави "Барселона" футбол клубының бас бапкері болып 2021 жылдың қарашасында тағайындалды. Оның басшылығымен команда 2022/23 жылғы маусымда Испания чемпионаты мен Суперкубогын жеңіп алды. Қазір "Барселона" Испания чемпионатының кестесінде 44 ұпаймен 3-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2057986-barselona-futbol-klubynyn-zana-bapkerinin-esimi-belgili-boldy/

pixel