Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың үздік 700 клубының рейтингін жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IFFHS ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Топ-700 футбол клубының көшін англиялық "Манчестер Сити" командасы бастап тұр. Ал екінші орынға Испанияның "Реал Мадрид" клубы тұрақтаса, үшінші орынға италиялық "Милан" ұжымы жайғасқан.
Аталған тізімде "Астана" футбол клубы 56,75 ұпаймен 417-орынға төмендеді. Осыған дейін елордалық команда бұл рейтингте 378-орында тұрған еді.
Рейтингке енген Орталық Азия мемлекеттерінің футбол клубтары:
- 73. "Қарабақ" (Әзербайжан);
- 204. "Насаф" (Өзбекстан);
- 209. "Навбахор" (Өзбекстан);
- 377. "Пахтакор" (Өзбекстан);
- 383. "Әбдіш ата" (Қырғызстан);
- 417. “Астана” (Қазақстан);
- 436. "Cабах" (Әзербайжан);
- 469. "Нефтчи Баку" (Әзербайжан);
- 519. "AGMK" (Өзбекстан);
- 746. "Алтын Асыр" (Түрікменстан).
Осыған дейін IFFHS ұйымы өткен жылдың топ-100 футбол лигасының тізімін жасаған еді. Бұл тізімде Қазақстан Премьер лигасы 82-cатыға жоғарылады. Италияның "А Серия" чемпионаты көш басында тұрса, екінші орынға Англия Премьер лигасы жайғасқан. Ал Испания чемпионаты үздік үштікті түйіндеп тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2058263-astana-futbol-kluby-alemdegi-uzdik-komandalar-reitinginde-39-satyga-tomendedi/