jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Африка Ұлттар кубогының ширек финалында ойнайтын жұптар белгілі болды

    Оңтүстік Африка құрамасы
    Оңтүстік Африка құрамасы. Фото: SIA KAMBOU/AFP via Getty Images

    Африка кубогының 1/8 айналымындағы кездесулер мәресіне жетті. Ширек финалға жолдама алған құрамалар белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 31 қаңтарда Африка кубогының 1/8 айналымындағы соңғы кездесу өтті. Шартты түрдегі алаң иелері Марокко ұлттық құрамасы 0:2 есебімен Оңтүстік Африка құрамасынан жеңіліп қалды. Ойынның 33 минутында Марокко футболшысы Эз Абде есеп ашқан еді, бірақ ойыннан тыс қалғандықтан гол есепке алынбады.

    Кездесудің алғашқы голы тек екінші таймда соғылды. Оңтүстік Африка құрамасының ойыншысы Макгопа дәл соққы бағыттап, таблоға өзгеріс енгізді. Ал 85 минутта Хакими есеп теңестіретін мүмкіндігін жіберіп алды. Есесіне 90+5 минутта Оңтүстік Африка футболшысы гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

    Африка Ұлттар кубогының ширек финалдық жұптары:

    • Нигерия – Ангола;
    • Кабо-Верде – Оңтүстік Африка;
    • Мали – Кот-д'Ивуар;
    • Конго Демократиялық Республикасы – Гвинея.

    Айта кетейік, матчтар 2-3 ақпан аралағында өтеді. Жеңіске жеткен ұлттық құрама жартылай финалда бақ сынайды.

    Футболдан Африка Ұлттар кубогының ширек финалында ойнайтын жұптар белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.