jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Азия кубогының ширек финалына шыққан құрамалар анықталды

    Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншылары
    Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншылары. Фото: instagram.com/uzbekistanfa

    Катарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогының ширек финалына шыққан барлық құрама анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азия кубогының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футбол додасының келесі кезеңіне 8 команда жолдама алды. Олардың қатарында Аустралия, Иран, Тәжікстан, Жапония, Катар, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Иордания бар.

    Жарыстың 1/8 финалында Аустралия құрамасы Индонезиямен кездесіп, 4:0 есебімен ұтты. Ал Иран командасы Сирияны пенальти сериясында (5:3) артта қалдырды. Тәжікстандықтар да бұл кезеңде БАӘ құрамасынан пенальтиде басым түсіп (5:3), өз тарихында алғаш рет ширек финалда ойнауға мүмкін алды.

    Ал Жапония футболшылары Бахрейн командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Жарыс қожайындары Катар құрамасы Палестинананы жеңді (2:1). Оңтүстік Корея командасы Сауд Арабиясын (4:2), Өзбекстан өкілдері Таиландты (2:1), ал Иордания құрамасы Иракты (3:2) ұтып, ширек финалға жолдама алған еді.

    Енді 1/4 финалда келесі жұптар ойнайды:

    2 ақпан

    • Аустралия — Оңтүстік Корея
    • Тәжікстан — Иордания

    3 ақпан

    • Иран — Жапония
    • Катар — Өзбекстан

    Айта кетейік, Азия құрлығының футбол додасы 12 қаңтарда басталды және 10 ақпанға дейін жалғасады. Соңғы рет Азия кубогын 2019 жылы Қатар құрамасы жеңіп алды. Финалда Қатар командасы Жапонияны 3:1 есебімен ұтқан еді.

    Футболдан Азия кубогының ширек финалына шыққан құрамалар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.