Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдудың командасы Месси ойнайтын "Интер Майами" футбол клубын ірі есеппен жеңді

Опубликовано:

"Әл-Наср" футбол клубы
"Әл-Наср" футбол клубы. Фото: Mohammed Saad/Anadolu via Getty Images

Бүгін, 2 ақпанда "Әл-Наср" және америкалық "Интер Майами" футбол клубтары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сауд Арабиялық "Әл-Наср" футбол клубы өз алаңында америкалық "Интер Майами" командасын 6:0 есебімен жеңді. Матчтың алғашқы голы небәрі 3 минутта соғылды. Брозовичтен пас қабылдаған Отавио қақпаға дәл соққы бағыттап, "Әл-Насрды" алға шығарды. Ойынның 10 және 12 минутында алаң иелері сапында Талиска мен Лапорт та голмен көзге түсті. Осылайша бірінші тайм 3:0 есебімен аяқталды. Ал ойынның екінші кезеңінде Талиска дубль жасаса, Маран бір гол соғып, мергендігімен ерекшеленді.

Бұл матчқа Роналду жарақатына байланысты қатыспады. Ал Месси қосалқы құрамда қалып, алаңға тек 83 минутта шықты. Десе де "Интер Майами" сапында Мессидің "Барселона" клубындағы бұрынғы әріптестері Луис Суарес, Бускетс және Жорди Альба өнер көрсетті.

Айта кетейік, 30 қаңтарда "Әл-Хилял" мен "Интер Майами" футбол клубтары арасында жолдастық кездесу өткен еді. Сауд-Арабия астанасы Эр-Риядта жергілікті команда өз алаңында америкалық ұжым "Интер Майамиді" қабылдады. 90 минутқа созылған кездесу 4:3 есебімен "Әл-Хилал" командасының жеңісімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2058779-ronaldudyn-komandasy-messi-oinaityn-inter-maiami-futbol-klubyn-iri-eseppen-zendi/

pixel